VOLTAUTO мобильді қосымшасы үшін
ҚҰПИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
1. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
1.1. «Заң» — Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94 V «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңы, оған кейінгі енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке деректерді қорғауға қатысты басқа да нормативтік актілері.
1.2. Мобильді қосымша — Android, iOS және басқа да операциялық жүйелерде жұмыс істейтін VOLTAUTO мобильді құрылғыларға арналған бағдарламамен қамтамасыз ету.
1.3. дербес деректер – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тiркелген cол мәліметтер
1.4. дербес деректер субъектiсi (субъект) – дербес деректер тиесілі жеке тұлға
1.5. Жеке деректер базасы — ретке келтірілген дербес деректердің жиынтығы.
1.6. Саясат — осы Құпиялық саясат VOLTAUTO қосымшасының жеке деректерін өңдеу тәртібін реттейді.
1.7. Пайдаланушы — мобильді қосымшаны қолданатын жеке немесе заңды тұлға.
1.8. Меншік иесі (дерекқор иесі) — «VOLTAUTO Global ltd» жеке компаниясы, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 30, н.п 1 б
Байланыс: sarievberik343@gmail.com
1.9. Жеке деректерді өңдеу — жинау, сақтау, өзгерту, қолдану, тарату, жою, толықтыру, жою және басқа да іс әрекеттер.
1.10. Оператор — жеке деректерді жинап, өңдейтін тұлға.
1.11. Үшінші тұлға — жеке деректер субъектісі, оператор немесе меншік иесі емес, бірақ оларға деректер жеткізілуі мүмкін тұлға.
1.12. Cookie файлдар — қолданушы құрылғысына сақталатын, қосымшаның функционалдығын және қолданушы әрекетін талдауды жеңілдететін шағын файлдар.
________________________________________
2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2.1. Осы Саясат мобильді қосымша қолданушыларының жеке деректерін өңдеуді реттейді.
2.2. Қосымшаны орнатып немесе пайдаланған кезде Пайдаланушы осы Саясатпен келісетінін және жеке деректерін өңдеуге келісім береді.
2.3. Егер Пайдаланушы осы Саясаттың шарттарымен келіспесе, қосымшаны қолдануды тоқтатуы тиіс.
________________________________________
3. ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Пайдаланушы:
• Өз деректерінің өңдеу тәртібі туралы ақпарат алуға;
• Деректерді түзетуді, бұғаттауды немесе жоюды талап етуге;
• Құпиялылыққа берілген келісімін қайтарып алуға;
• Оператор әрекеттеріне наразылық білдіріп, Қазақстан Республикасының цифрлық дамыту, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне шағымдануға;
• Құқықтары бұзылған жағдайда моральдық және материалдық зиянды өтеуді талап етуге.
________________________________________
4. ЖИНАЛАТЫН ДЕРЕКТЕР
4.1. Жеке емес деректер:
• IP-мекенжай;
• Құрылғы түрі мен операциялық жүйе;
• Геолокация (қолданушы қосқан жағдайда);
• Қосымшадағы әрекеттер тарихы;
• Cookies файлы.
4.2. Жеке деректер:
• Аты жөні, туған күні;
• Мобильді телефон нөмірі;
• Банк кәртішкесінің нөмірі;
• Қосымшадағы хабарламалар мен әрекеттер;
• Тапсырыс және төлем тарихы;
• Қолданушы өз еркімен берген басқа да мәліметтер.
________________________________________
5. ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ МАҚСАТТАРЫ
• Пайдаланушыны сәйкестендіру;
• Қосымша функцияларын қамтамасыз ету;
• Пайдаланушылар тәжірибесін жақсарту;
• Хабарламалар мен жарнамаларды жіберу;
• Төлемдерді жасау;
• Заң талаптарын орындау;
• Маркетинг және аналитикалық зерттеулер жүргізу.
________________________________________
6. ДЕРЕКТЕРДІ БЕРУ ЖӘНЕ АШУ
6.1. Жеке деректер:
• Төлем жүйелеріне және банктерге;
• Мемлекеттік органдарға заң талаптарына сәйкес;
• Пайдаланушы келісімі болған жағдайда басқа тұлғаларға берілуі мүмкін.
6.2. Оператор деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді және үшінші тұлғалардан да осы шарттарды сақтауды талап етеді.
________________________________________
7. ДЕРЕКТЕРДІ САҚТАУ МЕРЗІМІ
7.1. Дербес деректер қосымшаны пайдалану мерзімі ішінде және пайдаланушы келісімді қайтарып алған сәтке дейін сақталады.
7.2. Аккаунт жойылғаннан немесе келісімді қайтарып алғаннан кейін, заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, деректер жойылуға немесе иесіздендіруге жатады.
________________________________________
8. ҚОЛЖЕТІМ
8.1. Қосымша 18 жастан асқан адамдарға арналған.

9. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ
Меншік иесі дербес деректерді рұқсатсыз кіруден, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден және таратудан қорғаудың барлық қажетті ұйымдастырушылық және техникалық шараларын қабылдайды.
________________________________________
10. ШАҒЫМДАР МЕН ӨТІНІШТЕР
Жеке деректерді өңдеумен байланысты барлық сұрақтар мен шағымдар бойынша байланыс:
📧 sarievberik343@gmail.com
________________________________________
11. САЯСАТТЫҢ ЖАҢАРТУЛАРЫ
Меншік иесі осы Саясатқа қандай да өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады. Ағымдағы нұсқасы әрқашан қолжетімді:
🔗 https://voltautoglobal.kz/politika-konfidentsialnosti

Сіз біздің мобильді қосымшамызды жүктеп алып, ең жақын жерді таба аласыз
Сізге арналған станциялар
UX және UI-ге заманауи көзқарас.

Тұрақты жаңартулар, жаңа мүмкіндіктер және т.б.

Өз зарядтау станцияларыңыздың желісін басқарыңыз.

Зарядтау станциясы туралы ақпаратты тікелей қолданбада өңдеңіз.
ТМД электр көліктерін зарядтау станцияларының ресми жеткізушісі
Консультация алу үшін
VOLTAUTO